Қазақстан Токио Олимпиадасына тағы бір лицензия жеңіп алды

1153

Ришат Хайбуллин Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады.

Қазақстан Токио Олимпиадасына тағы бір лицензия жеңіп алды

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі Ришат Хайбуллин 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл күндері Жапонияның Хатиодзи қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Көпсайыстан іріктеу сынына әлем кубогі кезеңдерінде мейілінше жоғары ұпай жинаған 20 спортшы қатысқан болатын. Финалға жолдама алған жеті спортшы Олимпиада нормативін орындады. Ал бір лицензия автоматты түрде олимпиада қожайыны саналатын Жапония спортшысына беріледі. 

Әлем чемпионатының көпсайыс финалына төрт жапондық спортшы өтті. Бұл Ришат Хайбуллиннің Олимпиада нормативін орындағанын растайды. Өйткені, бір елден екі спортшы ғана 2020 жылғы Олимпиадаға қатыса алады. 

"Ришат "жылдамдық" бойынша Қазақстанның жаңа рекордын орнатты – 5, 863 секунд. Бұл оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік берді", – дейді команданың бас бапкері Сәуле Искакова. 

Айта кетелік, спорттық құзға өрмелеуден Токиода алғаш рет Олимпиада жүлдесі таратылады. 2016 жылы өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің Сессиясында аталған спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енді. 

Бүгінге дейін #TEAMKZ спортшылары 11 лицензия жеңіп алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу