Қазақстан Токио Олимпиадасындағы ойындарын аяқтады

1243

Бұл Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар сегіз медаль жеңіп алды: барлығы - қола. 

Қазақстан Токио Олимпиадасындағы ойындарын аяқтады

Соңғы қазақстандық спортшы Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Каратэші София Берульцева 2020 жылғы Олимпиаданың Қазақстаннан соңғы қатысушысы болды - ол ел қоржынына қола медаль салды.

Осылайша, Қазақстан Токио Олимпиадасындағы ойындарын аяқтады. Ертең, жарыстың соңғы күнінде Қазақстан ешқандай спорт түріне қатыспайды. Бұл Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар сегіз медаль жеңіп алды: барлығы - қола.

Олардың қатарында: дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, бокс командасының капитаны Қамшыбек Күнқабаев, боксшы Сәкен Бибосынов, еркін күресші Нұрислам Санаев, каратеші Дархан Асаділов, София Берульцева бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу