Бұл істі Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканға жұмыс сапары аясында атқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рим Папасымен кездесу барысында сенат спикері Қазақстанның конфессияаралық келісімді нығайтуға және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған бастамаларын баяндады.
"Этносаралық бейбітшілік және келісім, әр азаматтың діни көзқарасына деген құрмет қазақстандық мәдениет пен менталитеттің ажырамас бөлшегі. Қазақстан толеранттылықты сақтауға және оны дәріптеуге ерекше мән беріп келеді. Сол себепті біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы бастама көтерді. Бұл форум жұмысын дамытуға съезд хатшылығының басшысы ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтарлықтай үлес қосты", – деді Мәулен Әшімбаев.
Қанат Махамбет