Қазақстан төрағалықты Қырғызстанға тапсырады

960

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы төрағалықтың құрметті миссиясын аяқтайды.

Қазақстан төрағалықты Қырғызстанға тапсырады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы төрағалықтың құрметті миссиясын аяқтайды. Төрағалық ету барысында бірлескен жұмыстың 5 бағытын тұжырымдадым. Бұл – өнеркәсіптік кооперацияны күшейту, өзара саудадағы кедергілерді жою, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, сондай-ақ үшінші елдермен сауда-экономикалық қатынасты кеңейту", – деді Қазақстан басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бұл бір күндік жұмыс емес, алайда осыған дейін атқарылған жобалар нақты нәтиже беріп жатыр. 

"Биыл өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыты бекітілді. Бұл орта мерзімді кезеңге арналған өнеркәсіптік кооперацияны дамыту векторын айқындайтын негізгі құжат. Көлік саясатының 2021-2023 жылдарға арналған негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының бекітілгенін атап өту орынды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес төрағалығын Қырғызстанға тапсыратынын мәлімдеп, айыр қалпақты ағайын маңызды мандатты абыроймен атқаратынына сенім білдірді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу