Қазақстанның мұнай флоты 2 жаңа мұнай танкерімен толықты.
Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылдың 4 шілдесінде Галати қаласында (Румыния) "Тараз" және "Лива" 2 мұнай танкерін қабылдау рәсімі өтті.
Кемелер Каспий теңізі арқылы мұнай тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Олар JV Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd компаниясына тиесілі болады, оның акционерлері КМТФ және Abu Dhabi Ports Group (БАӘ).
Танкерлер голландиялық Damen концернінің Damen Shipyard Galati кеме жасау зауытында жасалған.
Танкерлер озық басқару жүйелерімен жабдықталған.
Олар қауіпсіздіктің барлық халықаралық стандарттарына, экологиялық талаптарға және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес жасалған.