Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытымен 2 млн тонна жүк тасымалдауға дайын

1239

Қазақстан мен Әзірбайжан екі ел арасындағы әуе рейстері санын арттыруға ниетті.

Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытымен 2 млн тонна жүк тасымалдауға дайын

Бакуде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігінің өкілдері арасында кездесу өтті. 

Кездесуде Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) биылғы тасымал көлемі, теміржол учаскелері және Каспий теңізі арқылы өткізу мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар шекаралық өткізу бекеттері мен теңіз порттарының әлеуеті, қосымша жүк ағынын ТХКБ-ға бағдарлау үшін қолайлы жағдайлар жасау жайы сөз болды.

Сондай-ақ жобаға қатысушылар арасында бірлескен кәсіпорын және аталған бағытты дамыту үшін Орта дәліз құру мәселесі қозғалды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев отандық экспорттаушылардың жүктерін осы бағытқа бағдарлау жайына тоқталып, еліміз қазірдің өзінде экспортқа бағытталған жүктің 2 млн тоннасын тасымалдауға дайын екенін атап өтті.

Бірлескен кәсіпорын құру арқылы тарифтерді белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешуге, бірыңғай IT шешімдерді қолдануға және транзиттік жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Берік Камалиев сонымен қатар ТХКБ бағытында автокөлікпен жасалатын жүк тасымалдарын бірлесіп дамытуды ұсынды.

Кездесу қорытындысында тараптар транзитті дамыту жөніндегі жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылдады. Ол бірлескен кәсіпорын құрумен жедел айналысады.

Сонымен қатар вице-министр Берік Камалиев Әзербайжан тарапына екі ел арасында қатынайтын әуе рейстері санын көбейту мәселесін қарастыруды ұсынып, Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиев оған қолдау білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу