Қазақстан трансшекаралық өзендердің суына тәуелді

764

Жаңа су қоймалары 70 елді мекенге төнетін тасқынның алдын алады. 

Қазақстан трансшекаралық өзендердің суына тәуелді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздің 9 өңірінде 39 жаңа су қоймасы салынатынын мәлімдеді. 

"Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада 41 апаттық су қоймасын қалпына келтіру көзделген. Оның ішінде 2017-2019 жылдар аралығында 10 нысан пайдалануға берілді. Ал екеуі осы жылы аяқталады. 2021 жылы тағы 8 нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Қалған 21 нысан 2025 жылға дейін іске асырылады. Бұдан басқа 9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд текше метр болатын 39 жаңа су қоймасы салынады. Бұл үшін 115 млрд теңге қажет", – деді Мағзұм Мырзағалиев үкімет сағатында.

Министрдің сөзінше, жаңа су қоймалары 70 елді мекенге жыл сайын төнетін тасқынның алдын алуға, 394 мың гектар жаңа суармалы жерді айналымға енгізуге және ауыл шаруашылығы саласында 129 мыңнан астам жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. 

"Жаңа су қоймалары трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелді болмауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, Қырғызстаннан 30%-ға дейін, Өзбекстаннан 25%-ға дейін, Ресейден 15%-ға дейінгі тәуелділікті арылтады", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу