Қазақстан тумасы АҚШ-та өмір бойына бас бостандығынан айырылды

549

Руслан Асаинов Қазақстаннан көшкеннен кейін Нью-Йоркте тұрып, 1998 жылы Америка азаматтығын алды.

Қазақстан тумасы АҚШ-та өмір бойына бас бостандығынан айырылды Фото: Pexels.com

Америка азаматтығын алған 46 жастағы қазақстандық Руслан Хасанов АҚШ-та өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазды Tengrinews.kz.

Руслан Асаинов Қазақстаннан көшкеннен кейін Нью-Йоркте тұрып, 1998 жылы Америка азаматтығын алды. Бұған дейін хабарланғандай, 2013 жылы ол Түркия арқылы Сирияға барып, Қазақстанда тыйым салынған топқа мерген ретінде қосылды.

АҚШ Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, аз уақыт ішінде Асаинов лагерьлерге жаңадан келген әскерге шақырылғандарды оқытуға жауапты болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін оның 100-ге жуық адамды оқытқаны белгілі болған. Асаинов АҚШ тұрғынын жұмысқа алмақ болғанда, ол Нью-Йорк полициясының құпия ақпаратшысы болып шықты, деп жазды Аikyn.kz.

2019 жылы Асаинов Сирия-Ирак шекарасына жақын Багуз қаласында болған атыстан кейін Сирияда тұтқынға алынды. Қазақстан тумасы АҚШ-қа жеткізіліп, Федералдық қауіпсіздік қызметіне тапсырылды.

"Үкім Асаиновты ДАИШ мүшесі кезінде жасаған қанды қырғынға кінәлі деп санайды. Сотталушы өз өмірін осы лаңкестік ұйымға арнады. Асаинов мырза отбасын және елін тастап, лаңкестермен бірге соғысып, басқаларды соған үйрету үшін кетті. Ол жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деп жазды Нью-Йорктің Шығыс округінің федералды соты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу