Қазақстандық Элисар Нұрмағамбетов Forbes Next 1000 тізіміне енді

1040

Кәсіпкердің айтуынша, тізімге кіру оңайға түспеген көрінеді

Қазақстандық Элисар Нұрмағамбетов Forbes Next 1000 тізіміне енді

Қазақстан тумасы, АҚШ-тағы Consilienz inc. компаниясының бас атқарушы директоры және негізін қалаушы Элисар Нұрмағамбетов Forbes Next 1000 америкалық тізіміне енді,деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Forbes басылымының Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Қазақстанның 27 жастағы тумасы Нұрмағамбетов 2019 жылы 66 жастағы Амир Сандердж есімді Танзания азаматымен бірлесе Consilienz компаниясын құрды. Бұл жүйе ақшаны жымқыру және алаяқтық, сонымен қатар адам саудасы сияқты қылмыстарды анықтаумен айналысады", - деп жазылған хабарламада.

Кәсіпкердің айтуынша, тізімге кіру оңайға түспеген көрінеді. Өз әсерімен ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

"Forbes Next 1000 – америкалық тізімі.Оған ену оңай болған жоқ. Мен көп нәрсені үйренуім керек және бұл тек бастамасы ғана. Осы уақыт ішінде мен "сіз тұрған шайқас – сіздің соңғы шайқасыңыз емес" екенін түсіндім. Қазір жеңген нәрсеңізді қайтадан еңсересіз", – деп жазды ол.

Бұған дейін жас кәсіпкер Inbusiness.kz порталына жасанды интеллектінің қолданылуына қатысты сұхбат берген еді. Ол қай елдің нарықта ЖИ-ді ұтымды қолданып жатқанын, қандай компаниялардың пандемия кезінде тұралап қалғанын және Қазақстандағы ЖИ-дің қолданылуын да сұхбат барысында сөз етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу