Қазақстан тумасы Yahoo-ға кибершабуыл жасағанын мойындады

949

Қазақстан тумасы Yahoo-ға кибершабуыл жасағанын мойындады

Канада азаматы болып жүрген Қазақстан тумасы Кәрім Баратов Сан-Францискода өткен сотта Yahoo серверіне кибершабуыл жасағанын мойындады. Бұл туралы АҚШ-тың әділет министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған.

Баратовқа қатысты үкім келесі жылдың 20-шы ақпанына белгіленген сот отырысында жариялануы мүмкін. Ол тамызда қамауға алынған. Сот Баратовты кепілдік қою арқылы босатудан бас тартыпты.

22 жастағы Қазақстан тумасы 2014 жылы 3 күдіктімен бірге Yahoo серверіне бұзып кіріп, пайдаланушылардың жарты миллиардтан астам тіркеу мәліметін ұрлаған болатын. Баратовтың көршісі оның Канаданың Анкастер қаласына 3 жылдай бұрын көшіп келгенін, аса қымбат көліктерді жиі ауыстырағанын және шуы қатты ойын-сауық кештерімен танылғанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу