Қазақстан тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін шығарады

648

Қазақстан тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін шығарады

Бүгін премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясының Қытай Халық Республикасындағы ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасының төрағасы Чжи Шупинмен алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына кіруі мен шектеуді жою мәселелерінің бірқатарын талқылады. Нақтырақ айтсақ, Қытай жеткізуші компаниялар тізіліміне енгізу үшін биыл сәуірде қой еті өндірісінің жүйесін және ет өңдеуші кәсіпорындарды тексеретінін растады.

Екі жақ та Қазақстаннан Қытайға экспортталатын 34 өнімге қатысты ветеринарлық және фитосанитарлық талаптар хаттамалары жобаларын келісу үдерісін жылдамдататын болды. Сондай-ақ Қазақстан ел аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға арналған біріккен зертхана құру және оны тіркеу бастамасын көтерді.

Айта кетейік, кездесу қорытындысында Қытайға экспортталатын кебек партияларына қойылатын тексеріс, карантин және санитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды.

Осы келісімнің арқасында Қазақстан бизнесмендері тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін экспорттау мүмкіндігіне ие болады және бұл үрдісті алғашқылардың бірі болып жүзеге асыру мүмкіндігі "Huoerguosi Irbis International Trading Co LTD" компаниясының үлесіне тиіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу