"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" төрағасының орынбасарына қатысты іс сотқа жолданды

1041

Ол 2,4 млн теңге пара алған деген күдікке ілінген.  

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" төрағасының орынбасарына қатысты іс сотқа жолданды

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел тәртіпте "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл компания Қазақстанда тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы болып саналады. Ол жалпы мүлікті басқару бойынша ұйымның қызмет көрсеткені туралы актіге қол қойғаны үшін заңды тұлға құрылтайшысынан 2,4 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілікті", - деді Данияр Бекайдаров Antikor орталығында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, оның айыптылы туралы соңғы шешімді сот айқындайды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу