Орташа есеппен Қазақстан тұрғыны жеке тұтыну заттарына 2016 жылы 13,8 мың доллар жұмсаса, ресейлік 11,9 мың доллар жаратқан екен, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Ресей үкіметі жанындағы сарапта орталығының мәліметінше, халықтың тұтыну шығындары деңгейі бойынша Қазақстан Ресейді шаң қаптырып кетті.
Экономикадағы дағдарыс салдарынан қазақстандықтардың тұтыну шығындары ресейліктердікімен салыстырғанда 16 %-ға көбейген. Оның үстіне, ресейлік сарапшылар бұл үрдістің әрі қарай жалғасын табатынына сенімді.
Тұтыну деңгейі ресми айырбас бағамы мен ұлттық валютаның сатып алу қабілеті паритетін есепке ала отырып бағаланады.
Былтыр Қазақстан тұрғыны орта есеппен жеке тұтыну тауарларына 13,8 мың доллар жұмсаса, ресейлік тұрғынның шығыны 11,9 мың долларды құраған.