Қазақстан − Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 72%-ке өсті

376

Премьер-Министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Түркіменстанға барды.

Қазақстан − Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 72%-ке өсті Фото: pixabay.com

Қазақстандық делегация алдымен Ашғабаттағы Тәуелсіздік монументіне гүл қойды. Бұдан кейін қос елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты кездесуге қатысты, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы. 

Тараптар сауда-экономикалық, гуманитарлық және мәдени саладағы әріптестік мәселелерін талқылады. Кездесуде екі министрлік арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. 

Былтырғы жыл қорытындысында мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 72 пайызға өсіп, 438 млн АҚШ долларына жетті. Мұндағы экспорт көлемі 340 млн доллардан асады. 

Экспорттың басым бөлігін астық, ұн, минералды тыңайтқыштар мен металлургия өнімдері құраса, біз бауырлас елден жеміс-жидек, көкөніс пен текстиль бұйымдарын сатып алдық. 

Бүгін қол қойылған бағдарлама экономикалық байланысты одан әрі күшейтуді көздейді. Ертең Премьер-Министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Ашғабатта өтетін Еуропадағы қауіпсіздік ұйымы және Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлері саммитіне, ал сәрсенбі күні Оңтүстік Корея – Орталық Азия форумына қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу