Қазақстан туризмді дамытуда БАӘ тәжірибесін үйренбек

920

Қазақстан туризмді дамытуда БАӘ тәжірибесін үйренбек

Қазақстан туризм саласын дамытуда Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін пайдалануға ниетті, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Биылғы жылдың басында Әбу-Дабида екі ел серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойған.  Рас-эль-Хайма Әмірлігінің туризмді дамыту департаментінің басшысы Қазақстанның ірі туристік операторларымен тығыз байланыс орнатқысы келетінін жеткізген. Сөйтіп біздің елдің өкілдеріне Араб Әмірліктерінің аумағында туристерді тарту шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік берілген.

Туризм саласының маманы Хайтам Маттардың пікірінше, Қазақстанның табиғаты ерекше көркем.  Айта кетейік, 2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне саяхаттап барғандардың қатары 200 пайызға күрт өскен. 

"Қазақстанның туризмді дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Бірақ сіздер ішкі туризмге ерекше көңіл бөлулеріңіз қажет. 17 млн ғана халық тұрғанымен, кең байтақ жерлеріңіз бар. Астана мен Алматы болашақта ірі туристік орталықтарға айналатынына сенімдімін. Мен алғаш рет Астанаға келгенде таң қалдым. Мәдени, тарихи дәстүрлеріңізге сай етіп салынған бүгінгі заманғы қала екен", –  деді Рас-эль-Хайма Әмірлігінің туризмді дамыту жөніндегі департаментінің бас директоры Хайтам Маттар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу