Қазақстан-Түркия арасында әуе қатынасы жиілей түспек

1426

Нұр-Сұлтан мен Ыстанбұл арасында қатынайтын ұшақтар аптасына 13 рет жолаушы тасымалдайтын болады.

Қазақстан-Түркия арасында әуе қатынасы жиілей түспек

Енді, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ыстанбұл арасында күніне екі рет жолаушылар ұшағы ұшады, деп хабарлайды Atameken Business

Еліміздің азаматтық авиация комитеті маусым айынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы әуе рейстерінің санын аптасына 5 реттен 6-ға көбейтеді. Қосымша рейстер А320 әуе кемелерімен жүзеге асады.

Сонымен қатар, шілде айынан бастап түркиялық Turkish Airlines компаниясы екі  қала арасындағы әуе рейстерін аптасына 5 реттен 7-ге арттыруды көздеп отыр. Осының нәтижесінде аталмыш қалалар арасына қатынайтын ұшақтар аптасына 13 рет жолаушы тасымалдайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу