Қазақстан Түркияға әскери мақсаттағы өнімдерді экспорттайтын болады

610

"Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС Түркияға оптикаэлектрондық құралдарды экспорттау жөнінде шарт жасасты.

Қазақстан Түркияға әскери мақсаттағы өнімдерді экспорттайтын болады

Түркия Республикасының Стамбул қаласында өткен қорғаныс саласының "International Defense Industry Fair  2019" 14-ші халықаралық көрмесінің нәтижесінде қазақстандық делегация осындай келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметі. 

Министрліктің кәсіпорындар құрылымына енетін "Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС ("Қазақстан Инжиниринг" ЖШС) Түркияға оптикаэлектрондық құралдарды экспорттау жөнінде шарт жасасты. Бұдан өзге, компания түрік кәсіпорнымен Қазақстанның аумағында тікұшақтарға арналған электрондық құрылғылар кешенін жаңашаландыру жөнінде меморандумға қол қойды.

Қазақстандық делегация халықаралық көрме аясында шетелдік әріптестерімен 20-дан  астам түрлі кездесулер өткізді. Кездесулер нәтижесінде таяуда түркиялық бес компанияның қорғаныс саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың техникалық тетіктерін айқындау мақсатында Нұр-Сұлтанға арнайы келуі жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу