Қазақстан Түркияға ет экспорттайды

170

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың түркиялық әріптесімен кездесуі барысында бірқатар тиісті құжаттарға қол қойылды. 

Қазақстан Түркияға ет экспорттайды Фото: Exclusive.kz

Ал түрік инвесторлары елімізге ауыл шаруашылығы техникасы мен терең өңдеу технологияларын әкелуге ниетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 13 пайызға өскен. Ал қос елдің министрлері кездескен осы сапар аясында құны 2 млрд доллар болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды.

"Жалпы 2 млрд жуық құжаттарға қол қойылды. Ол өте маңызды. Бізге Қазақстанға керек. Түркияға да керек. Сондықтан, бұл жұмыс дұрыс атқарылады деп ойлаймын. Ал енді оны бақылауға ұстау үшін екі мемлекеттің жұмыс тобы бар. Сол жерде біз бақылауда ұстаймыз. Және министрмен келістік. Ол кісі де оны қолдап отыр. Одан басқа, біз жол картасына қол қойдық. Сол жол картасында қандай проектілер, қандай жұмыстар атқарылатын болады және қай уақытта, кім жауапкершілік алады бәрі жазылған.", - -дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Қазір тағы 10 инвестициялық ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның жалпы құны — 553 млн АҚШ доллары. Сондай-ақ қазақ кәсіпкерлері Түркияға алғашқы бетте 80 млн доллардың етін жеткізбек. Дегенмен тараптар екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті әлдеқайда жоғары екенін, сондықтан сауда-инвестициялық ынтымақты арттыра түсу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу