Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Сенат кулуарында Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 285 млн долларға жуықтады. Қазақстаннан негізінен дәнді және бұршақты дақылдар экспортталады. Ал Түркиядан жеміс-жидектер, көкөністер, жаңғақтар импортталады. Бұдан бөлек біз қазір ет және ет өнімдерін экспорттауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдап жатырмыз. Осыған сәйкес Түркияның ветеринариялық қызметімен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, етті Түркияға экспорттауға ниетті кәсіпорындар бойынша келіссөздер жүргізудеміз", - деді вице-министр.