Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты нығайтады

1306

ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында заң жобасы мақұлданды.

Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты нығайтады

ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының үкіметі мен Түркия Республикасының үкіметі арасында әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" баяндамасында Түркия Республикасымен тең құқықтық және өзара тиімділік қағидаттары негізінде әскери ынтымақтастықты дамыту қажеттігін айтты.

"Түркия Қазақстанның маңызды да, негізгі стратегиялық әріптестерінің бір және сыртқы саясатында ерекше орын алады. Екі ел арасындағы келісімге  2018 жылы 13 қыркүйекте Анкара қаласында қол қойылды. Алайда, қазіргі кезде 1993 жылдың 8 тамызы күнгі "Әскери білім саласындағы" және 1994 жылы 23 ақпанда қол қойылған "Әскери ғылым, техника  және білім саласындағы ынтымақтастық" туралы келісімдер негізінде жүзеге асырылуда. Жоғарыда аталған келісімдердің кейбір ережелері екі мемлекеттің қазіргі заңнамасына сәйкес келмеуі себебінен және іс-шараларды өткізуде қаржылық шығыстармен қамтамасыз ету тәртібінің болмауына байланысты жаңа келісім жасасу туралы шешім қабылданды. Қарастырылып отырған келісімнің мақсаты – тараптар арасындағы тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидаттары негізінде әскери ынтымақтастықты дамыту. Келісім әскери даярлық пен оқытуды, сондай-ақ бұдан бұрын қамтылмаған бірлескен оқу-жаттығу шараларын өткізу, картография, гидрография, топографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету, әуе кеңістігі арқылы әскери мүліктің транзиті, медициналық көмек көрсету, заң құзіреттілігі және басқа да мәселелерді көздейді",– деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.

ҚР қорғаныс министрінің орынбасарының айтуынша, заң жобасын қабылдауға құқықтық, әлеуметтік, қаржылай кедергілер жоқ.

"Осы келісімді іске асыру бойынша іс-шаралар тараптар бірлесіп әзірлеген бір жылдық ынтымақтастық жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Келісімді іске асыру – Қазақстан Республикасының әскери саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз етіп, екі мемлекеттің арасындағы әскери ынтымақтастың артуына оң әсер етеді. Заңды қабылдау республикалықтық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді, әрі кері құқықтық және әлеуметтік салдарға әкеліп соқтырмайды",– деді Тимур Дәндібаев.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу