Қазақстан Түркияның "Түркі мемлекеттері ұйымы +" форматын құру бастамасын қолдайды

229

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын жан-жақты дамытуға мүдделі. 

Қазақстан Түркияның "Түркі мемлекеттері ұйымы +" форматын құру бастамасын қолдайды Фото: Ақорда

Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның "Түркі мемлекеттері ұйымы +" форматын құру бастамасын қолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде біздің Ұйымға халықаралық қауымдастық сенім білдіріп отыр. Абырой-беделіміз де артып келеді.

Осы орайда Қазақстан Ресейдің "Алтай – түркі өркениетінің бесігі" жобасына оң көзқарасын білдірді. Бұған қоса, біз "Алтай сұхбат алаңы (диалогі)" форумын құру жөніндегі ұсынысымызды жарияладық.

Еліміз Түркияның ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған "Түркі мемлекеттері ұйымы +" форматын құру бастамасын қолдады.

Осы форматқа қосылуға ниет білдірген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты нақты өлшемдер болу қажет деп санаймын", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу