Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, тұтқындар санының өсуі бөтеннің мүлкін ұрлау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, мал ұрлығы мен жол-көлік оқиғалары саласындағы заңнаманың қатаңдатылуымен байланысты.
Ол тергеу изоляторлары мен түрмелердің шамадан тыс толуына байланысты проблемалардың бар екенін мойындады.
"Біз бұл мәселені шешудің жолдарын қарастырамыз. Мысалы, егер тергеу изоляторында орын бітсе, үкім заңды күшіне енгенге дейін сотталғандарды көрші изоляторларға ауыстыру. Бұдан басқа, бізде халықтың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасы бар, оның шеңберінде жаңа тергеу изоляторларын салу көзделген", – деді Жәнібеков.
Ол сотталғандардың 93%-ы ауыр не аса ауыр қылмыстар – кісі өлтіру, зорлау мен педофилия үшін жазасын өтеп жатқанын айтты.