Қазақстан түрмелерінде отырған шетелдік 44 тұтқынды өз елдері қабылдамайды

249

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттарға берген жауабында айтқан.  

Қазақстан түрмелерінде отырған шетелдік 44 тұтқынды өз елдері қабылдамайды Фото: inbusiness

Ол Қазақстан түрмелеріндегі 44 шетел тұтқынын өз елдері қабылдамай отырғанын мәлімдеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми жауапқа сүйенсек, ҚАЖ мекемелерінде Қазақстан сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасқан 22 елден (Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Украина, Беларусь, Молдова, Грузия, Ауғанстан, Моңғолия, Пәкістан, Түркия, Қытай, Иран, Греция, Германия, Бангладеш, Ұлыбритания, Филиппин) 1085 шетелдік азамат жазасын өтеп жатыр.

Соңғы 2 жылда Бас прокуратураға сотталғандардан өздері қай елдің азаматы болса, сол елге беруді сұрап, 302 өтінішхат түскен, олардың 229-ы қанағаттандырылды. Жәбірленушілердің пайдасына өтелмеген талап-арыздардың болуына байланысты 73-іне бас тартылған.

Бұл ретте өз мемлекетінің елдеріне беру туралы өтініш білдірген. 44 сотталушыға қатысты тиісті елдер оларды қабылдаудан бас тартқан. Сотталғандарды жазасын одан әрі өтеу мақсатында беруді бастауға олардың өз еркімен ерік білдіруі негіз бола алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу