Қазақстан туроператорлары ЭКСПО-ны 1 қарашаға дейін созуды сұрауда

1093

Қазақстан туроператорлары ЭКСПО-ны 1 қарашаға дейін созуды сұрауда

Қазақстан туроператорлары "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ төрағасы Ахметжан Есімовке көрменің өту уақытын 1 қарашаға дейін созуға өтініш жасап, ашық хат жазды, деп хабарлайды Интерфакс.

Петицияның авторларының сөзінше, туроператор мен турбірлестіктер бірінші рет туризмнен пайда табуға мүмкіндік алыпты.

Хат авторлары қысқа уақытта көптеген жұмыс орындарын ашып, жақсы пайда тапқандарын, сонымен қатар студенттер мен жұмысшылардың қызмет көрсетуде, іс-шараларды ұйымдастыруда және шетел тілін қолдануда бағасыз тәжірибе жинағандығын, көрме басталғалы өздерінің турмаршрутын сынап көруге мүмкіндік алғанын алға тарта келе: "Құрметті Ахметжан Смағұлұлы, турбірлестіктің атынан Сізден ҚР президентіне және көрменің халықаралық бюросының басшылығына көрменің өткізілу уақытын 2017 жылдың 1 қарашасына дейін созуды сұрауыңызды өтінеміз", - деп жазады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу