Қазақстан туы ілінген кортеж АҚШ жолдарымен жүріп өтті

869

Бұл іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Қазақстан туы ілінген кортеж АҚШ жолдарымен жүріп өтті

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп Қазақстан үшін маңызды мерекенің құрметіне орай концерт өткізу туралы бастама көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Белгілі болғандай, олар аталған жиынға "Коронавирус, кет!" әнінің авторы Марат Омаровты ғана шақырған жоқ. Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері оның салтанатты шараға қатысқан видеосымен бөлісті. "Қазақ елі, бүгін АҚШ-тың Филадельфия қаласында алғаш рет Қазақстанның көк байрағын желбіреттік! Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова инстаграм парақшасында.  

Ол жариялаған видеода Филадельфия жолдарында Қазақстан туы ілінген бірнеше көліктердің кортежі жүріп өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу