Қазақстан туын ұстаған оңтүстік кореялықтар спортшы қыздарымызға жанкүйер болды

1216

Қазақстан туын ұстаған оңтүстік кореялықтар спортшы қыздарымызға жанкүйер болды

Оңтүстік Корея жанкүйерлері Олимпиада ойындарында Қазақстанның мемлекеттік туын желбіретті, деп хабарлайды New York Times-қа сілтемемен sputniknews.kz.

Сеулде 70-ке жуық адам мәнерлеп сырғанаушылар Айза Мәмбекова мен Элизабет Тұрсынбаеваға қолдау көрсету үшін Қазақстанның туын ұстап келді.
Кәрістердің жартысы Sigong Tech компаниясының қызметкерлері екен, олар ЭКСПО-2017 павильонын жобалау үшін келісімшарт ұсынған Қазақстанға алғысын білдіру үшін келіпті.
"Көптеген адам, мысалы, АҚШ-ты жақсы біледі. Ал Қазақстан сияқты ел туралы естігендер аз. Сол себепті біз қолдау білдіргіміз келді", — дейді ұйымның менеджері Ха Юн Сун.
Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 15-орын иеленіп, финалға қатысуға мүмкіндік алды. Ал Айза Мәмбекова, өкінішке орай, келесі кезеңге өткен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу