Қазақстан тұзды ең көп тұтынатын елдер қатарында

1078

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Қазақстандағы тұз тұтыну көрсеткішін тым жоғары деп санайды.

Қазақстан тұзды ең көп тұтынатын елдер қатарында

Соңғы жылдары ДДҰ-ның қолдауымен Қазақстанда үш зерттеу жүргізілді. Оның нәтижесінде еліміз тұзды ең көп тұтынатындардың қатарында екені анықталған: күніне – 17 грамм, бұл нормадан төрт есе жоғары болып саналады.

"Бұрын адамдар тұзды өнімнің сақталу мерзімін ұзарту үшін пайдаланған. Әсіресе ет және шұжық, сондай-ақ құрт, айран сияқты сүт өнімдеріне көп қосқан",– деп жазылған ұйым хабарламасында. Сондай-ақ бұл үрдіс бүгінгі күнде де сақталып отыр деп қорытады.

Орталық Азия елдерінің дәстүрлі тағамдарының деніне тұз көп қосылады. ДДҰ бұның салдарынан аурулардың саны артатынын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу