Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

572

11 қазан күні U-19 Қазақстан құрамасы 2023-2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін бастайды.

Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысады Фото: kff.kz

Қазақстандықтар Германия, Солтүстік Македония және Польша құрамаларымен бірге 5-топта өнер көрсетеді. Турнир Польшаның Инороцлав және Торун қалаларында өтеді. Осы орайда 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов команданың алдағы ойындарға дайындығы туралы айтып берді.

"1 қазан күні Талғардағы ұлттық құрамалардың базасында дайындықты бастадық. Дайындық жоспарымызды екі блокқа бөлдік. Біріншісі Талғарда өтеді және негізінен ойыншыларды қалпына келтіруге бағытталады. Өйткені олар бізге бірден кезекті матчтан кейін келді. Жалпы шыдамдылық деңгейін арттыру үшін де жұмыс жасаймыз. Команданы біріктіру үшін біз жаңа Footlab футбол кешенінде болдық. Онда біз ойыншылардың допты ұстау техникасы мен әртүрлі жылдамдық мүмкіндіктерін сынадық. Дайындықтың екінші кезеңі Венгрияда өтеді. Онда біз ойынның техникалық және тактикалық аспектілеріне, барлық кезеңдерде командалардың өзара әрекеттесуін дамытуға назар аударамыз", - дейді бас бапкер.

Александр Кузнецов 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бапкері болып биылғы жылдың наурыз айында тағайындалған болатын.

"Мен U19 командасымен осы жылдың наурыз айында жұмыс істей бастадым. Бірге жұмыс жасап жатқанымызға көп уақыт өтті деп айта алмаймын. Осы уақытқа дейін мен 17 жасқа дейінгі ойыншылармен жұмыс істедім. Қазір біз сол команданың кейбір ойыншыларын U-19 құрамасына алып жатырмыз. Өйткені біз екі мақсатты көздеп отырмыз: біріншісі – жастар құрамасына 2005 жылы туылған ойыншыларды іріктеу және дайындау. Екінші мақсат – 2006 жылы туылған ойыншыларды келесі іріктеу цикліне 19 жасқа дейін жүйелі дамытуды жалғастыру. Бір-екі оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Словенияда халықаралық турнирге қатыстық. Менің ойымша, бұл бізге жақсы тәжірибе мен ойыншылар туралы да, команданың ойынын ұйымдастыру туралы да ақпарат берді. Беделді турнирдегі екінші орын ойыншыларға рухани сенімділік береді деп сенемін. Бірақ біз үшін ең бастысы бірден нәтиже емес, ойыншыларды дамыту және оларды негізгі құрамға дайындау екенін түсінуіміз керек", - деп қоса кетті Кузнецов.

Қазақстандық футболшылар Германия, Солтүстік Македония және Польша құрамаларымен бірге 5-ші топтқа түсті. Бұлардың қай-қайсысы болмасын осал қарсылас емес.

"Топ өте мықты деуге болады. Мысалы, Германия – Еуропа чемпионы, Польша – қола жүлдегер, оған қоса бұл іріктеу кезеңін польшалықтар өз алаңында өткізеді. Солтүстік Македония құрамасы да салмақты бәсекелес. Олардың командасы футбол федерациясы жанындағы мектеп-интернат базасында жасақталған. Жігіттер халықаралық тәжірибе бойынша айтарлықтай басымдыққа ие. Иә, жалпы, бұл циклде бізде болашақта жас ойыншылар көп болады. Дегенмен, біз қазіргі уақытта қолымыздан келгенінше өз мүмкіндіктерімізді көрсетуге тырысамыз. Біздің ойыншыларымыздың да халықаралық тәжірибесі жоқ емес. Жақында біз мықты Португалия командасына қарсы ойнадық. Команда кез келген қарсыласпен ойнай алатынымызды сезінді деп ойлаймын. Біз оларды құрметтеуіміз керек, бірақ ешбір жағдайда олардан қорықпауымыз керек", - дейді бас бапкер.

Жалпы, 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бапкерлерінің басты міндеті негізі ұлттық құрамаға сапалы әрі халықаралық деңгейде өнер көрсете алатын футболшыларды дайындау.

"Бізге халықаралық тәжірибе қажет. Сонда жастарымыз халықаралық аренада ілгерілей бастайды. Біздің бапкерлер штабының алдында негізгі құрамға ойыншыларды әзірлеу міндеті тұр және біз оны жүзеге асыру жолында жұмыс жасайтын боламыз", - деп Александр Кузнецов сөзін қорытындылады.

Қазіршгі таңда Қазақстан U-19 құрамасының 2023/24 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің ойындарына шақырылған ойыншыларының тізімі белгілі.

Қақпашылар: Мирас Рихард, Ильдар Мендіғалиев (екеуі де - "Қайрат"), Әбілхайыр Әлиақбар ("Жас-Кыран");

Қорғаушылар: Богдан Захарченко, Асқар Бижан, Олжас Байбек (барлығы – "Қайрат"), Тагир Сәкенов, Рустам Жанхаев (екеуі де – "Шахтер"), Тимур Кұрбанов ("Жас Қыран"), Досхан Дүйсенбек ("Ақсу"), Әлішер Әміржан ("Академия 05");

Жартылай қорғаушылар: Ілияс Әбіл ("Ақсу"), Әбинұр Нұрымбет ("Энергетик-БГУ", Беларусь), Глеб Валгушев ("Қайрат"), Диас Өмірзақ ("Академия 05"), Жансұлтан Мұхаметханов ("Жас Қыран"), Аслан Ғабиден ("Каспий"), Димаш Серікұлы ("Тараз");

Айта кетейік, 11 қазан күні Германия – Қазақстан арасындағы кездесу елорда уақытымен 19:00-ге, 14 қазан Польша – Қазақстан матчы 17:15-ке, 17 қазан Қазақстан – Солтүстік Македония матчы 19:30-ға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу