Қазақстан – Уэльс матчы кезінде Астанада көлік қозғалысы шектеледі

155

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.  

Қазақстан – Уэльс матчы кезінде Астанада көлік қозғалысы шектеледі Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бүгін Қазақстан – Уэльс матчы кезінде Астанада көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

4 қыркүйекте кешкі сағат 19:00-де "Астана Арена" стадионында футболдан Қазақстан мен Уэльс құрамалары ойнайды. Кездесу 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына іріктеу матчы болып саналады.


"Матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Астана Арена" стадионы маңында "Алау" мұз сарайы мен "Сарыарқа" велотрегі жағынан көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу