Қазақстан Уханьдағы студенттерін эвакуациялау үшін арнайы ұшақ жіберуі мүмкін

1459

Қазір Қытайда 98 қазақстандық студент бар.  

Қазақстан Уханьдағы студенттерін эвакуациялау үшін арнайы ұшақ жіберуі мүмкін

Қазақстан Уханьдағы студенттерін эвакуациялау  үшін арнайы ұшақ жіберуі мүмкін, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша қазіргі кезде Қытай тарапымен дипломатиялық келіссөздер жүріп жатыр. 

"Уханьда біздің 98 студентіміз бар. Оларға телефон шалып жатырмыз. Қайтқысы келетіндердің санына байланысты арнайы бортты жіберу мәселесін пысықтаймыз. Дипломатиялық келісім Қытаймен мақұлдау кезеңіне келді",  – деді Шахрат Нұрышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу