Министрлік ақпаратына сәйкес, Жезқазғанда "Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған әлемнің жетекші ғалымдары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Тарихшылар Жошы ханның саяси мұрасының маңызды рөлін атап көрсетті. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ғылыми дискурста қай елді, қай этнос пен қай халықты империяның тікелей мұрагері деп атауға лайық екендігі туралы дау-дамай жиі кездесетінін атап өтті.
"Әрине ғылыми пікірталастардың болғаны жөн, бірақ сонымен қатар басты мақсат пен миссия-тарихи шындықты іздеу екендігін ұмытпау маңызды және де біз осынау ұлы ұлыстың аясында ондаған халық бейбіт қатар өмір сүрген, сауда-саттық жасаған, қалалар салған орасан зор империяның мұрасын бөліске түсіріп жатқанда, тарихи тар кезеңдер туып, идеология ойыны басталатыны естен шықпау керек", – деді Дәурен Абаев.
Министр осыдан тура бір жыл бұрын, сол кездегі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында жұмыс сапарымен жүріп, Мемлекет басшысы Алтын Ордаға арналған халықаралық ғылыми конференция өткізу туралы бастама көтергенін еске салды