Қазақстан үкіметі Қытаймен шекарадағы жағдайды неге шешпейді?

988

Шаруалар шығынға батып, егіс науқанында қиындықтар болады.

Қазақстан үкіметі Қытаймен шекарадағы жағдайды неге шешпейді?

Еуразиялық экономикалық комиссия одақтағы мәселелелерді реттеп жатса, Қазақстан мен Қытай арасындағы түйткілдің түйіні тарқайтын түрі жоқ. Бір ай бұрын ғана екі ел шекарадағы кептелісті шешетін келісім жасаған болатын. Бірақ қуаныш көпке созылмады. Сол кезде шекарада жалпы саны 8 мыңнан астам астық, дәнді дақыл тиелген жүк вагоны тұрып қалса, қазір олардың саны еселенген.

Atameken Business продюсерлері "Қазақстан темір жолы" компаниясына хабарласып, Достық стансасында 9150 вагон тұрғанын анықтады. Айтуларынша, 10 күн бұрын 12 мың вагон болған. Өткен жылдан бері жалғасып келе жатқан жағдайға шаруалар аса алаңдаулы. Егер карантиндік кептеліс тез арада шешілмесе, елімізде егіс науқаны тұралап, саладағы компаниялар банкрот болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу