Қазақстан үкіметі Мәскеу биржасына 170 млрд рубльге облигация шығармақ

728

Ресей Орталық банкінің мөлшерлемесі қазір соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіш – 6,5 пайызға тең. 

Қазақстан үкіметі Мәскеу биржасына 170 млрд рубльге облигация шығармақ

Қаржы министрлігі Мәскеу биржасына құны 170 млрд рубльді құрайтын мемлекеттік облигация шығаруды жоспарлап отыр. Әзірге орналастыру шарттары қандай болатыны белгісіз, деп хабарлайды Atameken Business.

"Фридом финанс" қазынашылығының департамент директоры Асхат Ержановтың айтуынша, Қазақстанның бағалы қағаздарына деген қызығушылық, мәселен Ресеймен салыстырғанда пайыздық мөлшерлемесі, әрі бәсекеге қабілеттілігі бойынша жоғары болып тұр. Өзге мамандар да бұл операцияның сәтті боларына сенімді.

Ресей Орталық банкінің мөлшерлемесі қазір соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіш – 6,5 пайызға тең. Ал инвесторлар базасы – банктер мен түрлі қаржы иституттары және шетелдік қорлар арқылы құрылады деген болжам бар. Айта кету керек, бұл Мәскеу биржасына шыққалы тұрған алғашқы қазақстандық облигация.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу