Қазақстан үкіметі мен ЭЫДҰ STRI жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды

1007

 Қазақстан үкіметі мен ЭЫДҰ STRI жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды

ҚР үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы "Қазақстан Республикасы үшін көрсетілетін қызметтер саудасын шектеу индексін есептеу" жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.

2018 жылғы 19 қарашада Париж қаласындағы ЭЫДҰ Еуразиялық апталығы аясында ҚР үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Көрсетілетін қызметтер саудасын шектеу индексін есептеуді"  жүргізу (STRI) жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасының үкіметі атынан осы құжатқа ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы атынан ЭЫДҰ сауда және ауыл шаруашылығы жөніндегі директоры қол қойды.

Көрсетілетін қызметтер саудасын шектеу индексін есептеуді жүргізу Қазақстан үшін ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтағы маңызды қадам болмақ.

Келісім ЭЫДҰ сарапшыларына біздің қызмет көрсету және лицензиялау салаларындағы заңнамамызды зерделеуге, қолданыстағы кедергілерді айқындауға және Қазақстандағы нарықтың ашықтығына/жабықтығына объективті баға беретін индексті беруге мүмкіндік береді.

Бұл индекс, өз кезегінде, көрсетілетін қызметтер саласындағы халықаралық келіссөздерде көптеген елдер сенім артатын инвестициялық тартымдылық деңгейінің маңызды көрсеткіші болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу