Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторларға жайлы жағдай жасайды

1127

"Kazakh Invest" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Жүсіпов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторларға жайлы жағдай жасайды

"Біздің негізгі әрі басты міндетіміз – экономиканың басым секторларына инвестиция тарту", – деді басқарма төрағасы Kazakhstan Global Investment Roundtable жаһандық инвестициялар бойынша өтіп жатқан дөңгелек үстелде. 

Мейіржан Жүсіпов Қазақстан үкіметі шетелдік инвесторларға жайлы жағдай жасап жатқанын жариялап, барлық инвесторларға кешенді қызмет көрсетілетінін мәлімдеді. 

"Бізде шетелдік инвесторларға арналған ауыл шаруашылығы саласына қатысты кең ауқымды жобалар бар. Бұдан бөлек туризм, логистика, химия фармацевтика салалары бойынша түрлі ұсыныстар бар. Біз осының барлығына үкіметтің инвесторларға жеңілдік жасап, мүмкіндік беруінің арқасында қол жеткіздік", – деді Мейіржан Жүсіпов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу