Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді

545

ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда тиісті Қаулы қабылдады.

Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлінді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қаржы министрлігіне ҚР және басқа мемлекеттердің аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің төтенше резервінен ҚР Сыртқы істер министрлігіне бір миллион АҚШ долларын бөлу тапсырылды.

Өз кезегінде сыртқы саяси ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен аталған қаражатты түрік тарапының арнайы шотына аударуға тиіс.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу