"Бүгінгі таңда зауыттар (Украинадағы фармацевтикалық препараттар – авт.) жабық. Біз қазір шартты бұзып, қалған көлемдерге конкурс өткіземіз. 1 шілдеге дейін біз бұл конкурстық шараларды аяқтап, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеміз", – деді Ғиният депутат Зарина Камасованың сұрағына жауап ретінде.
Депутат қазіргі геосаяси жағдай мен Украинадағы қақтығысқа байланысты дәрі-дәрмектердің ғана емес, сонымен қатар импортқа тәуелділіктің жоғары болуына байланысты медициналық бұйымдардың да тапшылығы болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.
Мәжілісмен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан ведомствоның пациенттерге дәрі-дәрмекпен қалай қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын сұрады.
Оның айтуынша, Украинадан жеткізілетін медициналық дәрі-дәрмектердің көлемі маусымға дейін жетеді.
Министр дәрі-дәрмектер импортының жалпы көлемінің 1,6%-ы немесе 25 дәрі-дәрмек түрі Украинадан жеткізілгенін айтты.
"Биылғы жылы біз өткен жылы конкурс өткізіп, дәрілік препараттардың 94%-ын сатып алдық. Бүгінгі таңда дәрілік препараттардың жалпы көлемінің 50%-ы "СК – Фармация" (бірыңғай дистрибьютор- авт.) қоймалары мен хабтарына жеткізілді және маусым айының соңына дейін пациенттерді емдеуге арналған дәрілік препараттар бар", – деді Денсаулық сақтау министрі.
Бұған дейін ведомство басшысы Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына байланысты Украинадан Қазақстанға дәрілік препараттарды одан әрі жеткізу мәселесі туындап отырғанын хабарлаған болатын.