Қазақстан Украинаға 28 тонна дәрі-дәрмек жіберді

1118

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берген. 

Қазақстан Украинаға 28 тонна дәрі-дәрмек жіберді

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын жіберді, ал 15 наурызда екінші легін жіберу жоспарланып отыр.

Гуманитарлық көмектің бірінші партиясының жалпы салмағы – 28,2 тонна. Онда дәрі-дәрмектер бар: антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертезивті препараттар.

"Қазақстан басқа мемлекет тарапынан ресми өтінішке жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді", – деп жазылған хабарламада.

Украина аумағына жүктерді қауіпсіз жеткізу үшін Қазақстан үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек алу және тарату үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен келісімге келді.

Осылайша, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Алматы – Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу