Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді – Тимур Сүлейменов

1424

Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді, Қырымды Ресейдікі деп мойындамайды.  

Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді – Тимур Сүлейменов

Бұл туралы Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл мәселеде БҰҰ-ның шешімдерін қолдайды.

"Әрине, Ресей біздің оның жағында болғанымызды қалайды. Бірақ Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді. Біз Қырым және Донбастағы жағдайларды мойындаған жоқпыз және мойындамаймыз. Өйткені мұны БҰҰ мойындаған жоқ. Біз Біріккен Ұлттар ұйымы деңгейінде қабылданған шешімдерді ғана орындаймыз", - деді Тимур Сүлейменов Euractiv-ке берген сұхбатында.

"Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың да, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының да мүшесі болып саналады. Демек біз Ресеймен экономикалық және әскери одақтарға мүшеміз. Бірақ бұл шарттардың ережелері нақты жағдайда (Украиндағы жағдайға байланысты) қолданылмайды", - деді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу