Қазақстан Ұлттық архивіне 20 жыл: тарихи мұра цифрлық форматқа көшірілуде

481

"Мәңгілік жадымызда" порталында 705 мыңнан астам майдангер туралы дерек жинақталған.  

Қазақстан Ұлттық архивіне 20 жыл: тарихи мұра цифрлық форматқа көшірілуде Фото: ru.wikipedia.org

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы уақыт ішінде мекеме Тәуелсіз Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттарды жинақтап, сақтап, ғылыми айналымға енгізетін іргелі орталыққа айналды.

Бүгінде Ұлттық архив қорында 404 мыңнан астам сақтау бірлігі бар. Сонымен қатар 16 миллион кадрдан тұратын сақтандыру қоры жасақталған. Архив 278 ұйыммен тұрақты байланыс орнатқан.

Соңғы жылдары құжаттарды цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Электронды форматқа көшірілген материалдардың үлесі 3 пайыздан 26 пайызға дейін артты. Қазір архивте 110 миллионнан астам бет цифрланған, қажетті ақпаратты жылдам табуға мүмкіндік беретін интеллектуалды іздеу жүйесі енгізілген.

Тарихи құжаттарды сақтау бағытында да маңызды жұмыстар атқарылуда. Архивте арнайы қоймалар, реставрация және цифрландыру зертханалары жұмыс істейді. Соңғы үш жылда мамандар 1 447 тарихи құжатты қалпына келтірді.

Ұлттық архив архив ісін дамытуға, мамандар даярлауға және жастардың тарихқа қызығушылығын арттыруға да үлес қосып келеді. "Архив және болашақ ұрпақ" жобасы аясында мыңдаған жас архив қорларымен танысты.

Сонымен қатар "Мәңгілік жадымызда – Вечная память" цифрлық порталы іске қосылып, онда 705 мыңнан астам майдангер туралы ақпарат жинақталған.

Бүгінде Ұлттық архив халықаралық байланысын нығайтып, шетелдік архив мекемелерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу