Қазақстан Ұлттық банкі кадр резервіне өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады

867

Қазақстан Ұлттық банкі кадр резервіне үміткерлерді іріктеу аясында өтінімдерді қабылдау мерзімін 2022 жылғы 19 ақпанға дейін ұзартады, деп хабарлайды ҰБ-ның баспасөз қызметі.  

Қазақстан Ұлттық банкі кадр резервіне өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады

Естеріңізге сала кетейік, іріктеуге қатысу үшін Қазақстан Ұлттық банкінің сайтында электрондық резюме толтыру қажет.

"Кандидаттарды іріктеу кезіндегі негізгі өлшемшарттар: білімі, жоғары біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық сертификаттардың болуы (қаржы, IT саласында). Кадр резервіне іріктеу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезең – түйіндеме мен уәждемелік хат (эссе) беру, одан кейін оларды қарау қорытындысы бойынша кандидаттар Қазақстан Ұлттық банкінің адам капиталын дамыту департаментінің өкілдерімен, сондай-ақ мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге шақырылатын болады", – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Іріктеуден өткен және кадр резервіне алынған ізденушілер жыл ішінде Қазақстан Ұлттық банкіне жұмысқа орналасуы мүмкін. Кадр резервіне алынған кандидаттар тізімі Ұлттық банктің сайтында жарияланады.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу