Қазақстан ұлттық геопарктер желісін құру үшін зор әлеуетке ие

513

Бұл туралы ЮНЕСКО-ның геопарктер жөніндегі Қазақстан ұлттық комитетінің төрағасы Саида Нығматова айтты.

Қазақстан ұлттық геопарктер желісін құру үшін зор әлеуетке ие Фото: SNG.Today

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік геопарк желісіне 48 елдегі 190-нан астам геопарк енеді, деп жазады inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап.

"Қазақстан геопарктерді құру үшін зор әлеуетке ие: көз тартар сұлулығымен танымал тамылжыған ландшафттар, 600 млн жыл бұрын және қазіргі заманға дейін бай әрі егжей-тегжейлі зерттелген геологиялық тарихы. Бұдан бөлек инфрақұрылым дамып жатыр: жол саны мен сапасы, әуежайлар желісі ұлғаюда, қонақ үйлер және т.б. дамуда", - деді Саида Нығматова.

Оның сөзінше, бұл мәселені мемлекеттің қатысуынсыз шешу мүмкін емес.

"Бұл бағытта бірінші қадамдар жасалды. 4 сәуір күні Алматыда өткен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетіне геопарктер жөніндегі ұлттық комитетпен бірлесіп, Қазақстанда алғашқы геопарк құру және республиканың ұлттық геопарктер желісін ұйымдастыру үдерісі бойынша болашақта ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер желісіне кіру перспективасымен ұсыныс енгізу тапсырылды", - деді ол.

Спикер биылғы мамыр айында Геология комитеті, Орман шаруашылығы комитеті, Туризм индустриясы комитеті, "Қазақтуризм" АҚ басшылығының жұмыс кездесуі өткенін, онда геопарктерді заңнамалық тұрғыдан реттеу, ұлттық геопарктер желісін құру қажеттігі талданғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу