Ұлттық қордың 22 млрд долларына салынған шектеу алынып тасталды.
Әділет министрлігі нақтылағандай, 2018 жылдың 23 қаңтарында Амстердам аймақтық соты Ұлттық банктің Bank of NewYork Mellon-те кастодиалдық сақтауда тұрған Ұлттық қор активтерін бұғаттаудан шығару туралы өтінішін қанағаттандырды.
"Сот процеске үшінші тарап ретінде қатысып отырған Қазақстан реттеушісінің және әділет министрлігінің позициясымен келісті және Ұлттық қордың активтеріне қол сұғуға боламайды деген қаулы шығарды", – деп атап көрсетті ведомство.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу