Билік жылдық трансферттің көлемін 647 млрд теңгеге арттыруды жоспарлап отыр. Қазіргі қолданыстағы құжат бойынша жылдық трансферттің көлемі 2,4 трлн теңге болатын. Енді заңды өзгертіп, алымның сомасын 3 трлн теңгеге жеткізбек.
Мамандардың айтуынша, билік берекесі жоқ бюджетті тағы да Ұлттық қордың есебінен жабуды көздеп отыр. Соңғы жылдары қор түсімі 55 млрд доллардан көтерілмейді.
Сарапшылардың сөзінше, егер дәл осындай жылдамдықпен болашақтың ақшасын жарататын болсақ, оны түбі көрінері сөзсіз. Алдын ала есептеуге сүйенсек, алдағы 3 жылда жұмсауға болмайтын қалдыққа жақындаймыз.
Еске салайын, қазір алуға болмайтын сома жалпы ішкі өнімнің 30 пайызын құрайды. Ал қордан шығарылған ақша қайда жұмсалады деген сұраққа мамандар былай жауап берді.