Қазақстан Ұлттық қорының активтері 1,9 пайызға төмендеді

1604

Ұлттық банктің алтын валюта қоры 2019 жылдың қаңтар айының соңында өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеп, 30,6 млрд долларды құрады. 

Қазақстан Ұлттық қорының активтері 1,9 пайызға төмендеді

Қазақстан Ұлттық қорының активтері биылғы жылдың қаңтар айының соңында 58,2 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың желтоқсанындағыдан 0,9%-ға көп, бірақ 2018 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, төмендеу 1,9% болды, деп хабарлайды finprom.kz.

Атап көрсетілгендей, кері динамика 2014 жылдан бастап байқалуда.  

Ұлттық банктің алтын валюта қоры 2019 жылдың қаңтар айының соңында өткен жылмен салыстырғанда  2,4%-ға төмендеп, 30,6 млрд долларды құрады. 

Өткен жылдың осындай кезеңінде алтын валюта қоры 31,3 доллар болып, бір жыл ішінде 6,7%-ға артқан болатын. Жалпы халықаралық қорлар 88,8 млрд доллар болды. 

2019 жылдың қаңтар айының соңында алтын валюта қорының құрылымын құрушылар балансқа  жақындады. Яғни алтын валюта қорында айтарлықтай орын алатын ЕАВ-ға  салынған активтер бір жылда 14,7%-ға төмендеп, 15,6 млрд долларды немесе 50,9%-ды құрады.   

Алтын қорлары бір жылда 14,8%-ға артып, 15 млрд доллар немесе жалпы алтын валюта қорының көлемінен 49,1% болды. 2014 жылдың қаңтарынан бастап монетарлық алтын үлесі 23,7%-дан 49,1%-ға артты. АВҚ-дағы алтын салмағының өсуі валюта бағамының ауытқуын қорғауды қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу