Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарына қатысушы елдер шеруінде жүріп өтті

1185

Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ Жазғы Азия ойындарының ресми түрде ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарына қатысушы елдер шеруінде жүріп өтті Фото: tengrinews.kz / Turar KAZANGAPOV

Еліміздің көк байрағын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ұстап шықты.

Үлкен Лотос стадионында өткен салтанатты шараға Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің өзі қатысты. 

Дүбірлі додаға ұлттық құрама сапынан 524 спортшы (262 ер және 262 әйел) қатысқалы отыр. Олар спорттың 30 түрінен сынға түседі.

Азия ойындарында 45 елден келген 12 500-ден астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Спортшыларымызға сәттілік жолдас болсын!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу