Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы WKF президентімен кездесті

894

Кездесу барысында қос тарап каратэнің даму қарқынын және 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындық барысын талқылады. 

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы WKF президентімен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков каратэден Біріккен Араб Әмірліктерінде өкен премьер-лига турнирінің аясында Бүкіләлемдік каратэ федерациясының (WKF) президенті Антонио Эспиноз және ұйымның вице-президенті Нассер Әл Разукимен кездесті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кездесу барысында қос тарап каратэнің даму қарқынын және 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындық барысын талқылады. Бүкіләлемдік федерация басшысы қазақстандық тараппен әріптестікті әрі қарай дамытуға мүдделі екенін айта келе, елімізде өтетін Kazakhstan Open 2019 турнирін тамашалауға, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК және Қазақстан каратэ федерациясымен жақынырақ танысуға уәде берді. Антонио Эспиноз мырза ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген қазақстандық каратэшілердің әлеуетін жоғары бағалады. 

Айта кетелік, былтыр Мадридте өткен Бүкіләлемдік Конгресте Қазақстан ұлттық командасының бас бапкері Жасталап Санауов Бүкіләлемдік каратэ федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Қазақстандық бапкер Бүкіләлемдік каратэ федерациясына сайланған ТМД-ның алғашқы өкілі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу