Қазақстан Ұлыбританияға салатын инвестиция көлемін қысқартты

874

Ресей экономикасын қаржыландыру 16%-ға артты.

Қазақстан Ұлыбританияға салатын инвестиция көлемін қысқартты

Ұлттық банк мәліметтеріне сүйенсек, еліміз 2019 жылдың бірінші жартысында шет мемлекеттерге 27 млрд доллар инвестиция салған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,2 млрд долларға немесе 13,4%-ға төмен көрсеткіш. 

Қазақстан тарапынан 17,1 млрд доллар, яғни ең үлкен инвестиция Нидерланды экономикасына құйылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға жоғары. Ал көрші Ресейге салынған инвестиция көлемі 16,6%-ға өсіп, 2,04 млрд долларға жеткен. Кайман аралдарын – 59,2%-ға (846,8 млн доллар), Кипрді қаржыландыру 62%-ға (638,3 млн доллар) артқан. 

Ал Ұлыбританияны қаржыландыру керісінше төрт есе, Швейцарияны екі есе қысқарған. Осылайша Қазақстан "кәрі құрлық" елдері Ұлыбританияға – 1,1 млрд доллар, Швейцарияға 790 млн доллар инвестициялаған. 

Сонымен қатар Ұлттық банк мәліметтері бойынша Қазақстан ең аз инвестицияны Венгрия мен Мальтаға (700 мың доллар), Словенияға (600 мың доллар), Болгария, Нигерия, Оңтүстік Корея, Тайланд пен Түркіменияға (200 мың доллар), Ирак, Ирландия, Молдова, Финляндия мен Швецияға (100 мың доллар) салған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу