Қазақстан ұн экспорты бойынша әлем үздіктерінің ондығына енді

186

Өткен жылы 1,9 млн т ұн экспортқа шығарылды. 

Қазақстан ұн экспорты бойынша әлем үздіктерінің ондығына енді Фото: canva.com

Негізгі импортшылар – Өзбекстан мен Ауғанстан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Астық өңдеу саласына тоқталар болсақ, жалпы республика бойынша 350 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар ұн, жарма, макарон мен крахмал өнімдерін шығарады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 3,2 млн т ұн өндірілсе, ішкі қажеттілікке 1,1 млн т жұмсалды. Қалған 1,9 млн т ұн экспортқа шығарылып, біз әлем бойынша жетекші 10 мемлекеттің қатарына кірген болатынбыз", – деді Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова.

EnergyProm ақпаратына сәйкес, қазақстандық ұнның негізгі сатып алушылары – Өзбекстан мен Ауғанстан. Былтыр көрші елге 95,8 мың тонна ұн жіберілді. Одан кейінгі орында Тәжікстан (17,2 мың тонна) мен Қырғызстан (10,2 мың тонна).

Ұнның қалған көлемі ТМД-дан тыс елдерге жөнелтілді: 336,7 мың тонна – бір жыл бұрынғыдан 3,9%-ға артық. Экспорттың жалпы көлемі 89,5 млн АҚШ долларын құрады. Мұндағы қазақстандық өнімдердің негізгі импортшысы Ауғанстан болды: 335,8 мың тонна, жыл сайынғы өсім 5%. Одан кейін Қытай, Ирак пен Түркия тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу