Қазақстан Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты

861

Шектеу шілде айына дейін енгізілген.

Қазақстан Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты

Қазақстан Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты. Яғни ел үкіметі 2020 жылдың 27 қаңтарда қабылдаған қаулыға өзгеріс енгізді. Ресми құжатқа сәйкес бұл шектеу 1 шілдеге дейін енгізілді. 

"Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің 72 сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын", – деп жазылған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсында. 

Еске сала кетсек, бұған дейін 72 сағаттық визасыз режим Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Тараз әуежайлары арқылы транзиттік жолмен саяхаттап жүрген Қытай мен Үндістан азаматтарына енгізілген болатын. Алайда қаңтар айында коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты Қытай азаматтарына шектеу қойылған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу